Жаңа бас имам ұжымдық жиналыс өткізді 660

Жаңа бас имам ұжымдық жиналыс өткізді

11 маусым 2021 465 Оқу 1 минут

Бүгін, қасиетті жұма күні Бас мүфтидің бұйрығымен Ақтөбе облысына Бас имам болып тағайындалған Серікжан Еншібайұлы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті ұжымымен жиналыс өткізді. Осыған дейін Бас имам қызметін атқарған Төлеби Оспан жаңа Бас имамға мешіт ұжымын таныстырып, алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі. Төлеби Дәділұлы 5 жыл бойы дінге қызмет ету жолында қолдау білдіріп, жанынан табылған ұжымға шексіз алғысын айтты.

Бас имам қызметін қабылдап алған Серікжан Еншібайұлы ұжымдағы әр қызметкердің атқаратын қызметтеріне көңіл бөліп, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі