Қобда аудандық мешітіне жаңа автокөлік уақып етілді 5833

Қобда аудандық мешітіне жаңа автокөлік уақып етілді

23 қаңтар 2026 171 Оқу 1 минут

Бүгін қасиетті жұма күні, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне жұма намазға жиналған жамағаттың алдында Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Қобда аудандық «Шәріп Молда» мешітіне су жаңа Chevrolet Cobalt қызметтік автокөлік сертификатын табыс етті. Ауданның бас имамы Абай Шымболатовқа көлік кілтін табыстап, қызметіне береке тіледі. Сондай-ақ автокөлікке демеуші болып, уақып қылып сыйға тартқан Қобда ауданының тумасы жергілікті кәсіпкер Қуанышбек Бауыржанұлының иығына шапан жауып, алғыс хат табыстады.

Бұл игі іс жергілікті дін қызметкерлеріне ислам дінін насихаттап, қызметтерін одан әрі жандандыруға ықпал ететін шаралардың бірі болды.

Асыл дініміз Исламда қайырымдылық атаулының ең құрметтісі уақып деп танылады. «Уақып» сөзі шариғатымызда белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында жұмсауды уақып деп атаймыз. Уақып қылып автокөлік табыстаған кәсіпкерлерге сауабы үзілмей барып тұрсын деп тілейміз.