Бас имам бірлігі жарасқан жамағатпен сұхбаттасты 3900

Бас имам бірлігі жарасқан жамағатпен сұхбаттасты

04 қараша 2024 737 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде ай сайын өтетін “Бірлігі жарасқан жамағат” атты рухани басқосудың кезекті отырысы өтт3.

Шараның басты мақсаты-жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайтып, бірлік-ынтымақты арттыру.

Кездесу барысында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы

“Иман мен амал” тақырыбында уағыз-насихат айтып:« Мұсылман баласының ең маңызды әрекеті әуелі ниет болса, кейінгісі амал. Амал арқылы сауаптың салмағы да артпақ. Жай ғана сөзбен айтып, оны іс жүзінде әрекетке айналдырмаса, құр сөзбен адам рухани өспейді”,-деп түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алла Тағалаға ең ұнамды амалдар – аз болса да үздіксіз (тұрақты түрде) жалғасатыны», – деген. Ендеше, мұсылман адам Жаратушысының алдындағы намаз, ораза сынды парыз құлшылықтарды орындауымен қатар, шамасы келгенінше өзгелерге жәрдемдесу, жанашыр болу, қоғамға пайдалы іс жасау және т.б. істерді ұмыт қалдырмауы қажет екендігін баса айтты.

Айта кетейік, аталған басқосуға 200-ге жуық адам қатысты.