«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры 60 отбасыға азық-түлік қоржынын табыстады 4748

«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры 60 отбасыға азық-түлік қоржынын табыстады

17 тамыз 2025 96 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Ақтөбе облысына келген іс сапары барысында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өткен қайырымдылық шарасына қатысып, 60 отбасыға азық-түлік қоржынын табыстады.

«Құранда Алла Тағала: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» – деп бұйырады. Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екенінен байқалады. Қандай жағдай болмасын, мұсылман баласы өзінің рухани құндылығын сақтап, қысылтаяң жағдайда еш өзгерместен, белгілі мақсатты көздемей халыққа қол ұшын созуы қажет» деді Мақсатбек Қайырғалиев.

Қайырымдылық акциясы «Тайқазан» акциясы аясында өтті. Аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі санаттағы отбасыларға 650 кг азық-түлік қоржыны үлестірілді.

Сауабы мол игі шараға атсалысқан жан жомарт жандарға алғысымызды білдіреміз.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі