Ақтөбеде діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен ағаш отырғызу акциясы өтті
Ақтөбе қаласында қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру және түрлі конфессия өкілдері арасындағы бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында экологиялық іс-шара ұйымдастырылды.
Игі шара барысында діни бірлестіктер өкілдері мен Ақтөбе қаласындағы мешіттің имамдары бірлесіп ағаш көшеттерін отырғызды.
Аталған экологиялық шара «Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығының ұйымдастыруымен және Ақтөбе облысының дін істері басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды.
Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет, ал мұндай бірлескен бастамалар қоғамдағы татулық пен өзара түсіністікті одан әрі нығайтуға септігін тигізеді.
ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі





































