«Бақытжан» мешіті: Садақ атудан сайыс ұйымдастырды
ҚМДБ бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бағдарлық баяндамасына орай, 4 бағыттың бірі — «Дәстүр және отбасы» бағытында Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында ұлттық спортты насихаттау мақсатында садақ атудан сайыс өтті.
Қазіргі таңда елімізде дәстүрлі садақ ату спорты жастар арасында қарыштап дамып келеді. Садақ ату спорты шымырлық пен мергендікке тәрбиелейді.
Өз елі мен Отанын сүюге, тәуелсіздіктің қадірін түсіну арқылы нағыз патриот болуға бастайтын бұл шара бірлігі жарасқан жамағат арасында аса қызықты әрі тартысты болып, ұйымдастырушыларға қатысушылар алғысын білдірді.
Жүлделі орын алған жеңімпаздарға қаржылық сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































