Бас имам мұражайдың жұмысымен танысты 3306

Бас имам мұражайдың жұмысымен танысты

25 наурыз 2024 350 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Мәртөк ауданына жасаған іс-сапарында тарихқа көз жүгіртіп, атадан балаға мирас болып келе жатқан көне мұраларды тану үшін Мәртөк аудандық мұражайына саяхат жасады. «Мұражай – халық қазынасын сақтап қана қоймай, насихаттап, өткен ғасырлар мен бүгінгі күннің арасын жалғап, жас ұрпақтың өз тамырынан ажырап қалмауына қызмет ететіні ақиқат. Осы тұрғыдан дін де мәдениет пен өнерге көп көңіл бөліп, тәрбие құралы болып табылады»- деп бас имамы атап өтті. Кездесу қортындысында шараға қатысушылар ұйымдастырушылар мен бас имамға ризашылығын білдіріп, ізігілікті насихаттайтын шаралар жалғасын тапса деген ұсынысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі