Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары жаңа мешіттердің құрылысымен танысты
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Нұрланұлы Ақтөбе облысы Бас имамы Амантай Садиевпен бірге жақында ақпан айында ашылатын жаңа мешіттердің құрылысы және тыныс-тіршілігімен танысты. Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Заречный-3 мекен-жайында орналасқан «Анашым» мешіті, екіншісі 41-разъезд мекен-жайында «Ар-Рахим» мешіті. Аталған мешіттер жергілікті тұрғындардың сұранысы мен демеушілердің көмегімен тұрғызылды. Жолдас Нұрланұлы діни ғимараттардың жұмысына береке тілеп, имамдардың қызметіне әрқашан қолдау білдіретінін жеткізді. Өз кезегінде облыс бас имамы Амантай Садиев мемлекет және әкімшілік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға алғысын жеткізіп, шын ризашылығын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі