Ақтөбе: Дін қызметкерлері аттестатталды (ФОТО) 2249

Ақтөбе: Дін қызметкерлері аттестатталды (ФОТО)

08 қараша 2022 277 Оқу 1 минут

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 7-8 қараша күндері ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі 133 дін қызметкерлері аттестаттаудан өтіп, оның 16-сы жаңа діни қызметке ұсынылды.

Аттестаттау тест және ауызша сұрақ-жауап бөлімдерінен тұрады. Тест бөлімінде: ақида, фиқһ, ислам тарихы және Қазақстан Республикасының заңнамасы бағыттары болса, ауызша сұрақ-жауап бөлімінде қирағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр, ҚМДБ-ның тұжырымдамалық құжаттары бағыттары қамтылды.

Ақтөбелік дін қызметкерлерінен Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай, ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің маманы Махамбет Искандеров аттестаттаудан өткізді.

Сонымен қатар комиссия мүшелері аталған шараның маңыздылығы туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Айта кетсек, аттестаттау іс-шарасы Орал қаласында жалғасын табады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі