Бас имам Қарғалы ауданына барды 3990

Бас имам Қарғалы ауданына барды

02 желтоқсан 2024 170 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданына арнайы іс-сапармен барды. Сапар барысында ең алдымен аудан әкімі Өнербаев Нұрлыбек Амандоллаұлының қабылдауында болды. Аудандағы діни тұрақтылық пен рухани келісім туралы сөз болды. Жоғары білімді діни мамандарды тарту мен әлеуметтік мәслелерін шешу туралы ұсыныс-пікірлер айтылды. Жиын соңында аудан әкіміне «Муфтият» баспасынан шаққан «Бабалар ізімен» кітабын тарту етті.

Содан кейін Бас имам Қарғалы аудандық және ауылдық мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты. Қысқа дайындық жұмыстарын тексеріп, имамдарға әдістемелік көмек берді.

Артынша аудандық мешіттің жамағатымен кездесіп, уағыз-насихат айтты.