«QALA TAXI» ЖШС «УАҚЫП» СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ
Бас мүфтидің бастамасымен ашылған ҚМДБ «Уақып» қорының жоспарына сәйкес ҚМДБ Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Уақып корпоративтік қайырымдылық қорының атынан Ақтөбе қаласы бойынша такси қызметін жасайтын көліктердің иесі, яғни «QALA TAXI» ЖШС директоры Жарас Жұмаханов есімді кәсіпкерге ҚМДБ «Уақып» қоры сертификатын табыстады.
📍Алла біздерге мал-мүлік берсе, Алланың берген нығметіне шүкіршілік етіп, орнымен жұмсап, (оған) шүкіршілігі ретінде Алла разылығы үшін белгілі бір мөлшерін жақсылық жолына беру керек деп «QALA TAXI» ЖШС директоры Жарас Жұмаханов түскен пайданың әр ай сайын белгілі бір мөлшерін Уақып қайырымдылық қорына үлестіретінін айтты.
Уақып қорының ұжымы «QALA TAXI» ЖШС директоры мен ұжымына алғысын білдіріп, кәсіпте үлкен табыстар тілейді, Алла уақыпнамаңызды қабыл етіп, сауабыңызды еселесін!