Ақтөбе әйел жамағаты діни сауаттарын ашып, текст тапсырды
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті жанындағы әйелдер сауат ашу курсында шәкірттерідің білімін арттыру бағытында кезекті маңызды іс-шара өтті.
Ақтөбе облысы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастырған "Ораза және зекет» бабы бойынша аралық тест бақылауына 40-қа жуық әйел шәкірт қатысты.
Бақылаудың негізгі мақсаты – дәріске қатысушылардың парыз және нәпіл оразаларға қатысты білімдерін тереңдету, сондай-ақ зекет үкімдерін дұрыс түсініп, шариғатқа сай амал ете алу деңгейін анықтау болды.
Аралық бақылау барысында шәкірттер оразаның парыздары мен шарттары, оны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар, сондай-ақ зекеттің берілу тәртібі мен кімдерге берілетіні жөніндегі сұрақтарға жауап берді. Қатысушылардың белсенділігі мен дайындық деңгейі жоғары екені байқалды.
Мұндай білім тексеру шаралары шәкірттердің діни сауаттылығын арттыруға, алған білімдерін жүйелеуге және тәжірибеде дұрыс қолдануға үлкен септігін тигізеді.
Аталған іс-шара әйел-қыздар секторының жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан оқу бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Алдағы уақытта да осындай білімді нығайтуға бағытталған сабақтар мен бақылаулар жалғасын табады.








































