Ақтөбе: «Халал Дамудың» жергілікті өкілі қайырымдылық шараларын жасауға үндеді 1492

Ақтөбе: «Халал Дамудың» жергілікті өкілі қайырымдылық шараларын жасауға үндеді

04 сәуір 2022 168 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің азаншысы Жарасхан Әбдісаламов өңірдегі халал даму сертификатына ие болған кафе, фастфуд, мейрамхана т.б мекемелерді Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Сонымен қатар қасиетті айдың қадір-қасиеті туралы айтып, «Оразаға қатысты 150 сұрақ» анықтамалығы мен ауызашар кестесін таратып, он екі айдың сұлтанының құрметіне орай бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қайырымдылық іс-шараларын жасауға үндеді. Одан өзге 15 сәуір күні «Нұр Ғасыр» мешітінде өтетін ауыз ашарға шақырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі