Ақтөбеде имамдардың біліктілігін арттыру семинары өтті
ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасына сай имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында Ақтөбе облысының имамдарына ақида пәні бойынша семинар ұйымдастырылды.
Семинарға спикер ретінде арнайы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы Бағлан Шежімбай ұстаз шақырылды.
Семинарда барысында «Иман ұғымы және шарттары», «Мутәшабиһ аяттарға қатысты әһлі сунна ұстанымы», «Жаңа ғасырдағы жат ағымдар мен ұйымдар» тақырыптары мен «ҚМДБ концептуалды құжаттары» түсіндірілді.
Білімін жетілдіру қортындысында Бағлан Шежімбай имамдар тарапынан «Кәсіп мәселесіндегі адамның таңдау еркі бар ма?», «Тақлиди иман мәселесі» туралы сұрақтарға жіті жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі




































