Отан қорғаушылар күніне  орай «Ислам және адал қоғам» атты игі шара ұйымдастырылды. 6328

Отан қорғаушылар күніне орай «Ислам және адал қоғам» атты игі шара ұйымдастырылды.

08 мамыр 2026 33 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінда Отан қорғаушылар күніне орай «Ислам және адал қоғам» атты игі шара ұйымдастырылды. 

Шара барысында жасы үлкен ағаларымыз бен жастарымызға Отанды туралы уағыз-насихат айтылды.

«Туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік − әрбір жан үшін аса киелі ұғым, ыстық сезім. Отан дегеніміз туып-өскен отбасымыз, ата-анамыз, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, кең-байтақ атамекеніміз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу − әрбір мұсылманның діни әрі азаматтық борышы» деді мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы.

Жамағат бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетіп, елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі