ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҰМРА ҚАЖЫЛЫҒЫН ӨТЕДІ 1965

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҰМРА ҚАЖЫЛЫҒЫН ӨТЕДІ

23 шілде 2022 93 Оқу 1 минут

Сауд Арабиясына ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мекке қаласында ұмра тауабын жасады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жанында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да болды. Президент бастаған Қазақстан азаматтарына қасиетті Қағбаның ішіне кіріп, екі рәкағат намаз оқуға рұқсат берілді. Сауд Арабиясы басшылары Қағбаның есігін ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашатыны белгілі. Демек бұл – Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметі.

Алла Тағала ел Президентінің ұмра құлшылығы мен ел үшін жасаған дұға-тілегін қабыл етсін!