«Халал Даму» мекемесінің директоры мен Бас технологы іс-сапармен Ақтөбеге келді
ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Аташев пен мекеменің Бас сарапшысы, технолог Айжан Омарова арнайы іс-сапармен Ақтөбеге келді.
Аталған сапар барысында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ақшам намазынан кейін Айбек Асқарбекұлы жамағатпен жүздесіп, «Халал тақырыбындағы сауалдар» аясында баяндап, жіті түсіндірді.
Сонымен қатар руханияттың төл телеарнасы «Munara.tv»-ның Ақтөбедегі филиалында орналасқан студиясында қонақ болды. Ал технолог Айжан Қалмаханқызы «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында «Халал мен харамды қалай ажырата білеміз» тақырыбында сұхбат берді.
Іс-сапар өңірдегі «Халал Даму» мекемесінің сертификатын алған кәсіпорындарға аудит жасаумен жалғасын табады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі