ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНГЕ ТОЛЫҚ ЖЕТТІ 1867

ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНГЕ ТОЛЫҚ ЖЕТТІ

04 шілде 2022 64 Оқу 1 минут

Қазақстан қажылары толығымен Мекке мен Мəдина қалаларына жетті. Бүгін қажылар мінген соңғы рейс Сауд Арабиясына келіп қонды.

Қазіргі таңда 4000 қазақстандық қажы толығымен қонақүйлерге орналасты. Оларға отандық 14 қажылық компаниясы қызмет көрсетуде. Қазақстан қажылық миссиясының өкілдері аталған компаниялардың қызметін тексеру-қадағалау жұмыстарына кірісіп кетті.

Осы уақытта жерлестеріміз кіші қажылығын өтеп, үлкен қажылыққа дайындалуда. Қазақстан қажылық миссиясының мүшелері Батыржан Берденов, Медет Құрсақов, Ардақ Оразбаев уағыз-насихат жүрігізіп, қажылардың сұрақтарына жауап беруде.