Ақтөбе: Облыстың Бас имамы Құрбан айт туралы сұхбат берді 1869

Ақтөбе: Облыстың Бас имамы Құрбан айт туралы сұхбат берді

04 шілде 2022 94 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Aqtobe» телеарнасында қонақ болды. 

Бас имам «Иман нұры» және «Жаңа күн» бағдарламаларында Құрбан айт аясында сүбелі сұхбат берді.

Тікелей эфир барысында өткен бағдарламада күллі мұсылманның асыға күтетін екі мерекенің бірі – Құрбан айт туралы кеңінен баяндады. Тележүргізушілердің қойған сауалдарына толық дерлік жауап білдіріп, адам өміріндегі аталған айттың маңыздылығына тоқталып, биылғы еліміздегі мерекенің өту тәртібін айтты.

Сонымен қатар құрбан шалу барысында ескерілу керек мәселерге жіті көңіл бөлсек деген ұсынысында білдірді. Одан өзге телекөрермендердің шалған қоңырауларына да толыққанды жауап беріп өтті.

Айта кетсек, биыл Құрбан айт 9 шілде күні басталады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі