#Рамазан2026: «Көрші ақысы – Тәңір ақысы» атты игі шара ұйымдастырылды
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінде бас имам Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен «Көрші ақысы – Тәңір ақысы» атты игі шара ұйымдастырылды.
«Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – Рамазан айының адамды мейірімге, бірлікке, көршіге қамқор болуға үндеу. Осындай игі бастамалар қоғамда татулық пен бауырмалдықты арттыратынына сенім білдіреміз» деді имам.
Шара барысында имамдар жасы үлкен қариялар мен тұрғындарға Рамазан айының қасиеті мен берекесін насихаттап, ораза айымен құттықтады. Сонымен қатар үлкендерге арнап дәм ұсынып, көршілік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған ізгі ниет көрініс тапты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі












































