Шалқар: Балаларға жазғы лагерь ұйымдастырды 1866

Шалқар: Балаларға жазғы лагерь ұйымдастырды

04 шілде 2022 177 Оқу 1 минут

Шалқар ауданына қарасты «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешіті жанынан ашылған «Қайырымдылық мекемесінде» (медреседе) «Имани жаз» балаларға арналған жазғы лагерь ұйымдастырды.

Ауданының бас имамы Бақыт Әбдіисламұлының ұйытқы болуымен өтіп жатқан жазғы лагерде балаларға Құран әліппесін үйретіп, Құран сүрелері жаттатылды. Сонымен қатар жазғы сауат ашу курсы барысында әр түрлі дұғалар, хадистер, Алланың көркем есімдері, иман шарттары, исламның шарттары туралы мол мағлұмат алды. Одан бөлек қазақ жерінен шыққан ұлы тұлғалардың өмір баяны мен өлеңдерін үйренуде.

Мектеп жасындағы оқушылар жаздық сауат ашу курсының 1-ші легін аяқтады.

Салтанатты шарада ауданның бас имамы Бақыт Әбдіисламұлы үздік болған шәкірттерді марапаттап, сыйлықтар үлестірді. Шара қортындысында қатысушыларға батасын беріп, ата-аналарына ризашылығын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі