Имамдар «Көшпелі уағыз-насихат» аясында жұмыстарын жалғастырды 2140

Имамдар «Көшпелі уағыз-насихат» аясында жұмыстарын жалғастырды

29 қыркүйек 2022 144 Оқу 1 минут

Бүгін Шалқар қаласында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Абзал Медетбеков пен Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтанов №7 өрт сөндіруші бөлімнің ұжымымен, ал Ақтөбе қалалық Бақытжан мешітінің имамы Ержан Мизамов пен Қобда ауданының Бас имамы Абай Шимбулатов Шалқар темір жол вокзалы қызметкерлерімен кездесті.

Аталған кездесу барысында имамдар «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында терең шолу жасады. Сонымен қатар жат ағымнан сақтану жолдарына тоқталды. Одан өзге қызметкерлердің дін тақырыбындағы сұрақтарына тұщымды жауап берді.

Айта кетсек, жамағат арасында ынтымақ пен бірлікті насихаттау мақсатында имамдар мен жамағат арасында футболдан жолдастық кездесу өтті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі