Жамағат арасында үстел теннисінен  сайыс өтті 4907

Жамағат арасында үстел теннисінен сайыс өтті

04 қазан 2025 53 Оқу 1 минут

Қарғалы аудандық мешіт жамағаты арасында үстел теннисінен сайыс өтті. 

Доданы ауданның Бас имамы Нұрлан Қырықбаев ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа 15 адам қатысты. Әр ойыншы өзінің шеберлігін танытып, спортқа деген қызығушылығын көрсете білді.

Ынтымақ пен бірлікті арттыруға арналған байқау қорытындысында жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі