Аудандық мешітке жаңа наиб имам тағайындалды 6677

Аудандық мешітке жаңа наиб имам тағайындалды

18 қыркүйек 2026 7 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің наиб имамы болып Даулет Садуов тағайындалды.

Осыған орай Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков жұма намазына жиналған жамағатқа жаңа имамды таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Даулет Садуов — «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің (2022 – 2026 жж.) түлегі.

Ақсақалдар ақ батасын беріп, жаңа имамның елдің рухани өмірін дамыту, тұрғындардың діни сауатын арттыру бағытындағы алғашқы қызметіне сәттілік тіледі.