Ақтөбе қалалық орталық мешітте  Мәуліт айына арналған ауқымды ОБЛЫСТЫҚ  СИРА САЙЫСЫ өткізілді 6678

Ақтөбе қалалық орталық мешітте Мәуліт айына арналған ауқымды ОБЛЫСТЫҚ СИРА САЙЫСЫ өткізілді

18 қыркүйек 2026 5 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде ұстаз  Анар Қойшығұлованың бастамасымен  Мәуліт айына орай әйел жамағаты арасында «Пайғамбар ﷺ өмірі – өшпес өнеге» атты облыстық интеллектуалдық сайыс өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты – ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өнегелі өмірін кеңінен насихаттау, сираға деген қызығушылықты арттыру, мұсылман әйелдерінің діни білімін жетілдіру және сүйікті Елшінің ﷺ көркем мінезі мен тағылымды ғұмырын үлгі ету.

Сайысқа Ақтөбе облысының әр өңірінен келген 9 топ, 100-ге жуық әйел жамағаты қатысты.

Шараның шымылдығы Құран Кәрім аяттарын оқумен ашылып, ардақты Елшіге ﷺ салауат айтылды. Бұдан кейін мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова «Пайғамбарға ﷺ деген махаббат» тақырыбында насихат айтып, сира ілімінің мұсылман өміріндегі маңызына тоқталды.


Сайысқа қатысқан командалар:

* «Тасним» – облыстық «Нұр ғасыр» мешіті;

* «Нұрлы жол» – Ақтөбе қалалық орталық мешіті;

* «Бәдір» – «Бақытжан» мешіті;

* «Құба жауһарлары» – Бестамақ ауылының жамағаты;

* «Салауат» – Алға қаласының жамағаты;

* «Хира үңгірі» – облыстық «Нұр ғасыр» мешіті;

* «Ансар» – «Әзіреті Біләл» мешіті;

* «Мирас» – Ақтөбе қалалық орталық мешіті;

* «Досжан хазірет» – «Досжан хазірет» мешітінің жамағаты.


Білім додасы қатысушылардың сира ілімін жан-жақты меңгеруіне мүмкіндік беретін 5 кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең – «Блиц-сұрақтар». Қатысушыларға Пайғамбарымыздың ﷺ өміріне қатысты жедел сұрақтар қойылды.

Екінші кезең – «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы негізінде Мәдина кезеңіне арналған тапсырмалар берілді.

Үшінші кезең – «Сөзсіз ұқ» кезеңінде командалар сирада баяндалатын тарихи оқиғаларды сахналық көрініс арқылы түсіндірді.

Төртінші кезең – «Бұл қай оқиға?» атты пазл құрастыру кезеңінде қатысушылар сирадағы белгілі оқиғаларды бейнелер арқылы тауып, құрастырды.

Ал бесінші кезеңде «Шәмәил Мұхаммадия» кітабы бойынша білімдері сараланды.

Сайыстың әділ бағалануын құрамында дін саласының білікті мамандары бар қазылар алқасы қамтамасыз етті. Атап айтқанда, Ақтөбе облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Кенжегүл Құрманғалиқызы, «Нұрлан Махаббатұлы» мешітінің ұстазы Шолпан Бекбердіқызы, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Гүлжайнар Мұсақызы және Ақтөбе медресе-колледжінің ұстазы Жания Самадинқызы қазылық етті.

Сайыс қорытындысы бойынша:

І орын – «Құба жауһарлары» командасы, Бестамақ ауылының жамағаты; 20.000 тг қаржылай сыйлық 

ІІ орын – «Мирас» командасы, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағаты; 15.000 тг қаржылай сыйлық 

ІІІ орын – «Нұрлы жол» командасы, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағаты. 10.000 тг қаржылай сыйлық 

Жүлделі орын иегерлеріне қаржылай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар сайысқа белсенді қатысқан өзге де командалардың мүшелеріне «PP Эколайф» дүкенінің демеушілігімен 5 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлықтар және бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Кеш барысында  ұстаздар: тарапынан:  Темір аудандық «Досжан Ишан» мешітінің ұстазы Бимолдина Радина Амангелдіқызы, «Әс-Сәләм» мешітінің ұстазы Ақжарқын Жилисбаева, «Досжан Хазірет» мешітінің ұстазы Артықбаева Света Дүйсенбайқызы, «Сүлеймен ата» мешітінің ұстазы Камила Орысбайқызы, сондай-ақ «Бақытжан» мешітінің ұстазы Жұлдыз Алдаберген Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ көркем мінезі мен өнегелі өмірін насихаттап, жамағатқа тағылымды ойларын ортаға салып, жылы лебіздерін білдірді.

Мәуліт айына орай ұйымдастырылған тағылымды шараға қатысқан жамағат рухани әсер алып, ризашылықтарын білдірді.