Мәртөкте білім сайысы өтті 3098

Мәртөкте білім сайысы өтті

06 қараша 2023 1149 Оқу 1 минут

Мәртөк аудандық мешіті мен аудандық ішкі саяхат бөлімінің ұйымдастыруымен жамағат арасында Интелектуалды білім сайысы өтті. 

Дода барысында қазақстан тарихы, ақида, фиқһ, Құран және сирадан сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар 15 қатысушы қатысқан жарыста білімі жағынан озық болған қатысушылардың ең үздігі І орын иегері аталып, телефон (смартфон) алса, ІІ орынға құлаққап, ал ІІІ орынға шаш алатын құрылғы табысталды.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі