Аудан және ауыл имамдарына білім жетілдіру курсы өтті
ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес, Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен С санатындағы аудан және ауыл имамдарына арналған білім жетілдіру семинарының соңғы емтиханы болып өтті.
Шараға Ақтөбе облыстық орталық Нұр Ғасыр мешітінің наиб имамы Смағулов Нұрбол қатысып, дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған семинардың маңыздылығына тоқталды.
Арнайы емтиханды Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша «Уағыз-насихат» бағытының жауапты меңгерушісі Смағулов Нұрбол және «Діни оқу-ағарту» бөлімінің жауапты маманы Аймырза Досбол жүргізді.
Семинар барысында имамдардың діни білімін жетілдіру, кәсіби шеберлігін арттыру, сондай-ақ қазіргі қоғам талабына сай мешіт қызметін тиімді ұйымдастыру бағытында тәжірибелік сабақтар мен түсіндірме дәрістер өткізілген болатын.
Емтихан соңында ҚМДБ-ның Ақтөбе облыстық орталық Нұр Ғасыр мешітінің наиб имамы Смағулов Нұрбол сертификаттар табыстап, дін жолындағы сауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.


























































