Мешіт жамағатына ҚМДБ концептуалды құжаттары таныстырылды 4933

Мешіт жамағатына ҚМДБ концептуалды құжаттары таныстырылды

16 қазан 2025 108 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Талғат Аманов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған 14 құжатты талқылап, мешіт жамағатына таныстырды. Жамағатқа құжаттардың мазмұны мен маңызын түсіндірді.

Сондай-ақ, имамдардың қызметін жетілдіруге және жамағат арасында ислам құндылықтары бен ата-бабамыз ұстанған салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған концептуалды құжаттарды насихаттауға атсалысуға шақырды.


*ҚМДБ ҚҰЖАТТАРЫ*


І Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар:
- Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы
- Имамның тұлғалық келбеті
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасы
- Мұсылманның тұлғалық бейнесі

ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар:
- «Жеті рухани қазық» қазақстан мұсылмандары рухани тұғырнамасы
- Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі
- Діни лауазымдар тізілімі

«Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн форумында қабылданған құжаттар:
- Ас беру мәдениеті
- Зират және зиярат мәдениеті
- «Зияткер имам» тұжырымдамасы

V республикалық онлайн форумында қабылданған құжаттар:

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі»,

Қажының рухани келбеті тұғырнамасы

«Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі»

«Қарилардың рухани келбеті»