Имамдар ұлттық басылымдардың тұрақты оқырмандары
Ақтөбе қаласы мешіттерінің имамдары өңірлік баспасөз көздерімен тығыз байланыста. Заман ағымына сай ақпарат лезде таралып, оның ақ -қарасы ажыратылып болмайтын уақытта сенімді баспасөз қызметінің маңызды зор. БАҚ беттерінің халыққа пайдалы әрі дұрыс дереккөздерін ұсынып, қоғамдағы өзекті мәселелерді жеткізіп, қызмет атқаруы да заман талабы.Осы орайда қандай сала мамандары болмасын баспасөз құралдарымен тығыз байланыста болып, жұмыс атқаруы жауапты іс. Қоғаммен тығыз байланыста болып, үнемі халықтың ортасында жұмыс жасайтын дін мамандарының да кез-келген саладан хабардар болуы имам-ұстаздардың біліктілігін одан әрі арттырмақ. Елдегі орын алып жатқан саяси, әлеуметтік секілді т.б жағдайлармен таныс болып, жан-жақты болу діни сала үшін де негізгі орында. Сондықтан да мешіт қызметкерлері республикалық және өңірлік бірнеше жыл халыққа қызмет етіп келе жатқан газет-журналдардың тұрақты жазылушылары. Атап айтқанда,«Егемен Қазақстан», «Ақтөбе», «Керек.іnfo» , «Ана тілі», «Айқын» газеттерінің тұрақты оқырмандары.
Айта кетейік, өңірлік баспасөз беттерінен жергілікті имам-ұстаздарымыздың мақалаларын оқи аласыздар.