АТТ мүшесі пошта қызметкерлерімен кездесті 5850

АТТ мүшесі пошта қызметкерлерімен кездесті

26 қаңтар 2026 39 Оқу 1 минут

Аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы - А.Пангереева мен ауданның бас имамы - Б.Қызыр Ойыл аудандық пошта байланыс торабының қызметкерлерімен кездесті. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарды сақтау, адамдар арасындағы дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру мәселелері кеңінен сөз болды. Кездесуде өзара сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – қоғамдағы татулық пен бірліктің негізі екені атап өтілді.

Сонымен қатар қатысушыларға күнделікті өмірде ізгілік таныту, айналасындағыларға түсіністікпен қарау, қоғамда мәдениетті қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы түсіндірілді.