Ембіде жалғызбасты анаға 621-ші үй табысталды 2292

Ембіде жалғызбасты анаға 621-ші үй табысталды

29 қараша 2022 181 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе өкілдігінің жылдық жоспарына сәйкес, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында 2022 жылдың ішінде республика бойынша 621-ші, облыс бойынша 6-шы үйді жалғызбасты анаға Мұғалжар ауданының Бас имамы Әсемханм Ерғазин мен Қандыағаш қаласы «Қадырәлі ата» мешітінің имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов табыстады. 

Республика бойынша 621-ші баспана – Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласының тұрғыны, 2 баланың анасы, жалғызбасты ана Сәуле Мухановаға бұйырды.
Ауданның Бас имамы Әсемхан Ерғазиннің ұйымдастыруымен және мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары мен атымтай жомарт жандардың демеушілігімен табысталған 3 бөлмелі пәтердің құны 1 000 000 теңге.

Айта кетсек, Сәуле Парахатқызы аталған жаңа үйдің 1 бөлмесін шаштараз етіп, отбасын асырап отыр. Осы тұрғыда дана халқымыздың «балық берме, қармақ бер» деген қағиданы ескеріп, имамдар жалғызбасты анаға қолдау білдірді.

«Ел үлесі пәтерге» жобасы алдағы уақытта Ақтөбе өкілдігінің ұйытқы болуымен және жамағаттың қолдауымен Ақтөбе облысында өз жалғасын таппақ.

Ауызбіршілік танытқан мұғалжарлық ағайынға алғыс айтып, жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын деп тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі