«Көшпелі уағыз-насихат» жобасы Шалқар ауданында басталды 2135

«Көшпелі уағыз-насихат» жобасы Шалқар ауданында басталды

29 қыркүйек 2022 315 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен, өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау мақсатында «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы Шалқар ауданында жалғасын тапты. 

29-30 қыркүйек күндері өтетін іс-сапар РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-коледжінің  директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы мен облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің наиб имамдары және аудандардың Бас имамдарын Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидехановтың қабылдауынан басталды.

Кездесу барысында облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының аталған жобаға қолдау білдіргені үшін аудан әкімі Жанболат Жидехановқа арнайы алғысын жеткізді.

Сонымен қатар кездесуде жергілікті діни ахуалдың жай-күйімен танысып, 2 күндік іс-сапардың жоспарымен танысып, өңірдегі жат ағыммен күресу жолдарын талдады.

Шара қортындысында ауданның Бас имамы Бақыт Тойшыбаевтың жұмысына оң бағасын берді.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі