«Рамазанға дайынсың ба?» атты білім сайысы өтті 3267

«Рамазанға дайынсың ба?» атты білім сайысы өтті

10 наурыз 2024 600 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде «Сен Рамазанға дайынсың ба?» атты білім сайысы өтті.

Шара аясында жамағатқа Рамазанға қатысты викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар берілді.

Қасиетті Құран түскен айдың құрметіне ұйымдастырылып жатқан кеште ауданның бас имамы Абзал Медетбеков сөз алып, оразаның маңыздылығы туралы айтып, Рамазан айының берекелі өтуін тіледі.

Шалқар аудандық орталық мешіттің азаншысы Қайрат Қаймолдин сайыс ережесін түсіндіріп өтті.

Шараға қатысушы жамағат «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алдын – ала берілген күндерде дайындық жасады. Жарыс күні осы кітап аясында берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жоғары деңгейде жауап берді.

Шараның қорытындысы бойынша 1 - орынды «Жәннаттағы құрдастар» командасы жеңіп алды. Ал, 2 – орынға «Маруа» командасы, 3 – орынға «Әс-Сәләм» командасы ие болды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, қатысушылардың барлығына «Жәннаттағы құрдастар» командасы қосымша сыйлықтарын табыс етті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі