Ақтөбе: Онлайн Құран Хатымның дұғасы жасалды 1619

Ақтөбе: Онлайн Құран Хатымның дұғасы жасалды

01 мамыр 2022 91 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде онлайн Құран Хатым аяқталып, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы елімізге тыныштық пен татулық тілеп, Құран Хатым дұғасын жасады.

Айта кетсек, әр күн сайын облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінінің инстаграмдағы @nur_gasyr парақшасында Хабибулла қари Раушан жүргізді.

Отыз күн бойы оқырмандар мен көрермендерге Құран Хатымды оқыған Хабибулла қариға ертең ораза айтқа арналған мерекелік шарада сый-құрмет көрсетіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі