ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР МӘДИНА ҚАЛАСЫНА ЖЕТТІ 1928

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР МӘДИНА ҚАЛАСЫНА ЖЕТТІ

14 шілде 2022 51 Оқу 1 минут

Меккеде қажылық парызын өтеген қазақстандық қажылардың басым бөлігі қасиетті Мәдина қаласына жетті. Мұнда қажылар қасиетті орындарды зиярат етіп, құлшылығын жалғастырады.

Қазақстан қажылық миссия өкілдері де бүгін Мәдина қаласына табан тіреп, күн тәртібі бойынша іске кірісті. Миссия өкілдері Мәдинадағы отандастарымызбен дидарласып, хал-ахуалымен танысады.

Айта кетейік, ертең қазақстандық қажылардың алғашқы легі елге қайтады.