РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНІ АЯҚТАЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Жетісу облысы, Талдықорған қаласында өтіп жатқан екі күндік Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XIV республикалық байқаудың алғашқы күні өз мәресіне жетті.
Бүгінгі жарыстық кезеңде 10 және 20 пара санатында Құранды жатқа оқу бойынша үміткерлер бақ сынады. Сондай-ақ Құранды мәнерлеп оқу номинациясы толығымен аяқталды.
Айта кетейік, ертең жарыстың екінші күнінде қариларымыз Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша сынға түседі. Жүлделі бірінші орын иегеріне теміртұлпар табысталмақ.
Қасиетті Құран байқауын ертең сағат 08:30-дан бастап «Muftiyat QMDB» YouTube арнасынан тікелей эфир арқылы тамашалай аласыздар.
Тікелей эфир сілтемесі: https://youtube.com/live/k4l5p_2RREI?feature=share





































