Қараша айының алғашқы «Пәтуа сағаты» өтті
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде жұма намазынан кейін барлық мешітте қараша айының алғашқы «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылып, «Әскери борышты өтеу» пәтуасы таныстырылды.
Имамдар мен ұстаздар әскери борышты өтеудің үкімін жіті талдап, түсіндірді.
Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді. Аталған сұрақтардың бірі «Каспий арқылы сауда жасауға бола ма?» . Шариғат аясында толық жауабын алды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































