Қала мешіттерінің жамағаты арасында волейболдан турнир өтті
ҚМДБ-ның жылдық жоспары аясында Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа», «Әзіреті Біләл», «Досжан хазірет», «Әл-ләтиф» мешіттерінің ұйымдастыруымен қала мешіттерінің жамағаты арасында волейболдан турнир өтті.
Аталған спорттық шараға 11 мешіттің жамағаты қатысып, өзара бақ сынады.
Шараның негізгі мақсаты — жамағаттың бірлігін, ынтымақ пен бауырмалдығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Дода барысында финалға шыққан үздік топтар арасында 1 орынды «Қабақ баба» мешіті (70 000 теңгелік сертификат), 2 орынды «Досжан хазірет» мешіті (60 000 теңгелік сертификат), 3 орынды «Қайырқожа» мешіті (50 000 теңгелік сертификат) иеленді.
Шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі














































