РАНТ мүшесі мектеп оқушыларымен жүздесті 2513

РАНТ мүшесі мектеп оқушыларымен жүздесті

22 ақпан 2023 96 Оқу 1 минут

 Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы Ақтөбе қаласындағы  125 highschool мектеп оқушыларымен кездесті.

«Ой күші, сөз күші», «Сабыр деген не?», «Қоғамға қалай пайдам тиеді» тақырыптар аясында оқушылармен сұхбаттасқан бас имам: «Асыл дінімізде «Отанды сүю – иманнан» деген мәнді сөз бар. Ел үшін қызмет қылу, қоғамның әр мүшесіне бауырым деп қатынас жасау да Ислам дінінің негізгі қағидаларынан. Ендеше, болашақтағы әрбір мақсаттарыңды «Мен еліме қалай пайдалы болам?» деген оймен ұштастырсаңдар ең табысты жан болатындарыңа сенімім мол»,- деп жастарға насихат айтып, болашаққа деген қадамдарын нық басуға серпін берді.

Кездесу соңына оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға РАНТ мүшесі тұщымды жауап берді.

Сондай-ақ аталған мектеп басшылығы тарапынан бас имамға алғыс хат табыстады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі