Бегімбет: Наиб имам жат ағымның алдын алуды түсіндірді 2216

Бегімбет: Наиб имам жат ағымның алдын алуды түсіндірді

29 қазан 2022 114 Оқу 1 минут

Бүгін Бегімбет ауылдық мешітінің имамы Нұрдаулет Әуезовтың бастамасымен Б.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері және әкімшілік қызметкерлермен кездесу өтті. 

Аталған кездесуге Шалқар ауданы, «Матай Қоқанұлы» мешітінің наиб имамы Асан Жетпісбай қатысып, жат ағымның алдын алу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара қортындысында қатысушылар дін тақырыбында тақырыптар аясында сұрақтарын қойып, наиб имамнан тұшымды жауап алды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі