Облыстың Бас имамы жазасын өтеушілермен кездесті 2483

Облыстың Бас имамы жазасын өтеушілермен кездесті

14 ақпан 2023 141 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында №8-ші түзеу мекемесінде жазасын өтеушілермен жалпы кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

«Әрбір адам баласы қашан да жақсылықты үміт етеді Пенде «мен қателік жасадым, енді болашағым бұлыңғыр» деп үмітсіздікке салынбау керек. Керісінше, келешегі жақсы болатынына үміт артып, жақсылығын күту қажет. Сіздерді қоғамға сіңісіп, елге қызмет етуге, Діни басқарманың бекіткен пәтуаларына бойсұнуға, имамдардың уағыз-насихатын тыңдауға және соған амал етуге шақырамын»- деді облыстың Бас имамы.

Сонымен қатар кездесу барысында Серікжан Еншібайұлы исламдағы сынақ, сабыр, тағдыр және түзету мекемесіндегі құлшылық ету ету тәртібі, білім алудың маңыздылығына жіті тоқталды. Одан өзге мекемедегі кітапханаға ҚМДБ тарапынан жарық көрген жаңа кітаптарды тарту ететінін айтты. Ал жазасын өтеушілер Бас имамға көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Айта кетсек, кездесуге 60 адам қатысты.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі