Облыстық мешіт жамағатына «Халал – аманат пен адалдық жолы» атты семинар ұйымдастырылды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің тапсырмасына сәйкес «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Халал Даму» орталығының Ақтөбе облысы бойынша жауапты маманы Алмат Әлидің ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жамағатқа арналған «Халал – аманат пен адалдық жолы» тақырыбында кездесу-семинар өтті.
Іс-шараға ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының бас маманы Мейіржан Бауыржанұлы арнайы қатысып, халал стандарттарының негізгі талаптары, адал өнім өндірудегі жауапкершілік, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті шариғат қағидаларына сай жүргізудің маңызы туралы жан-жақты баяндама жасады.
Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға толыққанды жауаптар беріліп, халал саласына қатысты өзекті тақырыптар кеңінен талқыланды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































