ӘЛ-АЗҺАР ШЕЙХЫ ҒҰЛАМА, БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ БІЛДІРДІ 2115

ӘЛ-АЗҺАР ШЕЙХЫ ҒҰЛАМА, БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ БІЛДІРДІ

16 қыркүйек 2022 123 Оқу 1 минут

Бүгін елордадағы бас мешітте жұма уағызын айтқан әл-Азһар шейхы, Жоғары мәртебелі имам Ахмет Тайып дінге қызмет етіп, білім-ғылымға, өркениетке үлес қосқан ғұлама, батыр бабаларымызға құрметін білдірді.

«Мен өзімді тек әл-Азһардың ғана шәкірті емес, сіздердің ата-бабаларыңыздың да шәкіртімін деп есептеймін. Сіздердің бабаларыңыз әлемге ақида, пәлсапа, араб тілі секілді ілімдерді жайды. Сонау Мәуереннахрдан тамыр жаятын ілімді екінші ұстаз саналатын, пәлсападан алдына жан салмаған Әбу Насыр әл-Фараби бастаған ғұлама бабаларыңыз әлемге таратты. Ислам әлемі пана етушіге, қорғаушыға зәру болған кезеңде бабаларыңыз Сұлтан Бейбарыс бүкіл мұсылман қауымын қорғап, Мекке мен Мәдинаны жаудан қорғап қалды. Құрметті жамағат! Сіздердің ата-бабаларыңыз дінге қызмет етті. Сондай ілім иелерінен алған білімді біз бүгін жастарға берудеміз» деді Ахмет Тайып.