«Адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммед» атты рухани кеші ұйымдастырылды 3012

«Адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммед» атты рухани кеші ұйымдастырылды

24 қазан 2023 157 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында «Бақытжан» мешітінің бас имамы Ержан Мизамовтың ұйымдастыруымен «Адамзаттың асылы, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туған айына орай «Жастық» мейрамханасында 100 адамға рухани мәуліт кеші ұйымдастырылды. 

Аталған игі шарада Ақтөбе облының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизада және РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдәмүтәлі Қайназарұлы қатысып, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ғибратқа толы өмірі туралы насихат айтты.

Рухани кешке Фк Ақтөбе басшысы Азамат Шайқы, футболдан ұлттық құрама намысын қорғап жүрген ойыншылар, МФК Ақтөбе және Рахмет бапкерлері мен ойыншылары, Найза Чемпионы Әліби Ыдырыс және облыстық «Нұр Ғасыр» және қалалық орталық мешіттің ақсақалдар алқасы мен барша жамағат қатысты.

Ғибратқа толы шара облыстың бас қариы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденовтың Құран оқуымен басталып, «Ас-салам» мешітінің бас имамы Сұңғат Саметов пен «Досжан Хазірет» мешітінің бас имамы Шынболат Үмбетов Мәуліт жырын оқуымен жалғасын тапты.

Мәуліт кешінің қортындысында ФК Ақтөбе атынан облыстың Бас имамына Мәуліт сыйы ретінде естелікке ФК Ақтөбе футболкасы табысталды.

Айта кетейік, құрметті қонақтар мен шараға қатысқан жамағат ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ақсақалдар ақ батасын берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі