Ембі: Білімді де білікті ұстаз тағайындалды 3013

Ембі: Білімді де білікті ұстаз тағайындалды

24 қазан 2023 91 Оқу 1 минут

Мұғалжар ауданы, Ембі қаласындағы «Нұр» мешітіне білімді де білікті ұстаз Ерсейіт Ыбраймовты тағайындалды. 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығын тағайындалған жаңа ұстазды облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мажит Әбішев Ембі қаласына арнайы іс сапармен барған сапарында таныстырды.

Ерсейіт Оразханұлы 2013-2016 ж.ж Һибатулла ат-Тарази медресесінің, 2017-2020 ж.ж Түркия, Хасеки академиясының «Исламтану» факультетінің түлегі.

Еңбек жолы

2016-2017 ж.ж – Шымкент қаласы, «Ислам жолы» мешітінің ұстазы;

2020-2021 ж.ж – Шымкент медресе-колледжінің ұстазы;

2021-2022 ж.ж – Ақтөбе облысы, Темір аудандық «Досжан ишан» мешітінің ұстазы;

2022 жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы «Нұрдәулет» мешітінің ұстазы.

Ерсейіт Ыбраймов алдағы уақытта асыл дінімізге аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Алла Тағала игі істеріне жар болсын!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі