Қарғалы имамы Нұрпейіс хазірет өмірімен таныстырды 3891

Қарғалы имамы Нұрпейіс хазірет өмірімен таныстырды

30 қазан 2024 423 Оқу 1 минут

Қарғалы ауданының бас имамы Нұрлан Қырықбаев жамағатқа аудандағы Нұрпейіс хазіреттің өмірімен таныстырып, мешітіне зиярат етті. Хазіреттің атындағы мешіт Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Қарабұтақ ауылында 1898-1905 жылдары салынған.

Нұрпейіс хазірет – белгілі дінбасы, қоғам қайраткері, діни сауаттылығымен қатар араб, парсы тілдерін меңгерген ғұлама, ғалым. Мешіт құрылысы әуелде екі қабатты болған. Бірінші қабатында намаз оқитын үлкен залы, кіре берісі, тағы бір бөлме болған. Екінші қабатында балаларға білім беретін медресе және құран кітаптары сақталған. Бұл мешітті кім салғаны белгісіз.

Кеңес үкіметі кезінде бұл мешіт клуб қызметін атқарған. Кейіннен мектеп болған және мектептің спорт залы болған. Қазіргі уақытта екі қабаты қосылып кеткен спорт залға лайықтап жасаған сырлау жұмысының қалдықтары сақталған.