Наиб имам тағайындалды 2748

Наиб имам тағайындалды

31 мамыр 2023 397 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды. Қасиетті жұма күні облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы намазға жиналған жамағат алдында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып беріп, жамағатқа жаңа наиб имам Әбішев Мәжит Жайлаубайұлын таныстырды.

Ол осыған дейін бірнеше облыста қызмет жасаған тәжірибелі маман.

Діни басқарма Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен өкілдікте атқарылатын іс-шаралар мен қызметтердің көп болуын ескере отырып және «Уақып қоры» және «Қамқор-шарапат» орталығының істеріне жауапты тағы бір дін қызметкерін көбейтуді құп көрді.

«Ендігі міндет өңірдің діни ахуалын жақсарту үшін, аянбай қызмет ету», – деді облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы.

Мәжит Жайлаубайұлы осыған дейін Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті «Жақсықылыш» ауылдық мешітінде имамдық қызметін атқарған.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі