Ақтөбе: «Ихсан – тұлға тәрбиесінің тұнығы» 707

Ақтөбе: «Ихсан – тұлға тәрбиесінің тұнығы»

04 тамыз 2021 154 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Жастар секторы мен жамағатына «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы таныстырылды.

Шара барысында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамдары Шынболат Үмбетов пен Мұхтар Қосжанов: «Ихсан – тұлға тәрбиесінің тұнығы. Атап айтқанда, тәрбиеге қатысты сан сауалдың нақты жауабы қамтылған еңбек. Бас мүфтидің бастамасымен жарық көрген кітап аз уақыт ішінде көпшіліктің қолдауына ие болған бірегей туынды» дей келе, жаңа кітаптың қоғам үшін маңыздылығын түсіндіріп, мазмұны мен негізгі бөлімдеріне шолу жасап, жиналған қауымға түсіндіріп өтті.

Іс-шарадан кейін жамағаттың жаңа еңбекпен етене танысуы үшін «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының бірнеше данасы ғибадат үйіндегі кітап сөрелеріне қойылды.

Еске сала кетсек, ҚМДБ жанындағы «Muftiyat» баспасынан жарық көрген бұл танымдық кітап еліміздің түкпір-түкпіріне 10 мың данамен таралды. Сонымен қатар әр өңірде аталған кітапты көпшілікке кеңінен түсіндіру іс-шаралары жүзеге асуда.

Ақтөбе облыстық орталық  

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі