«Қабақ баба» мешіті: «Менің алғашқы оразам» шарасы өтті
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Ақпарат» бөлімінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінде «Менің алғашқы оразам» атты шара өтті.
Шараның басты мақсаты — ораза ұстаудың мән-маңызы мен түпкі ниетін түсіндіріп, Құран түскен қадірлі айдың құндылығын насихаттау.
Осы тұрғыда мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы жамағатқа оразаның парыз болуының хикметтері мен тарихына тоқтала өтіп, оның сауабы мен рухани кемелдікке жеткізер мектеп екендігін атап өтті.
Одан өзге тақырып аясында жиналған көпшілік алғашқы рет ұстаған оразалары туралы ортаға салып сезінген рухани әсерлерін ғибрат ретінде айтып беріп, ой бөлісіп, келген жамағатқа ауызашар сыйлықтары табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі