Хромтау: «Ізгі қоғам» тақырыбы бойынша  кездесу өтті 3457

Хромтау: «Ізгі қоғам» тақырыбы бойынша кездесу өтті

21 шілде 2024 1111 Оқу 1 минут

 Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтанов Абай ауыл тұрғындарына «Дін және ізгі қоғам» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында ауданның Бас имамы Абай ауыл тұрғындарына ислам діні, оның рухани құндылықтары, дін мен дәстүр сабақтастығы туралы толығырақ айтып берді. Әңгімелесу форматында өткен кездесуде діни және құқықтық сауаттылық мәселелер, радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында сұрақ-жауап негізінде талқыланды.